Go To Top

Қаз Реагент.кз ұйымы туралы

«ҚазРеагент.кз» ЖШС-мен жұмыс – бұл келісімшарттың барлық шарттарын жауапты орындау, орнатылған жабдық спецификацияларының саны бойынша да, сапасы бойынша да толық сәйкестігі, бұл өндірушінің зауытында қажетті білім алған жабдықты орнату жөніндегі қызмет көрсету инженері, сондай-ақ міндетті кепілдік қазмет көрсету мен келісімшарт орындалғаннан кейін пайдаланушыға техникалық қолдау көрсету.

«ҚазРеагент.кз» жоғары технологиялық ғылыми жабдықтарды жеткізу мен қызмет көрсету бойынша он жылдан аса тәжірибесі бар мамандар тобы ұйымдастырылған. Біздің мамандар білікті тұрғыдан жабдықты таңдап береді және сіздің сұранысыңыз бойынша барлық қажетті кеңес беру жұмысын жүргізеді.

Біз әрқашан байланыстамыз. Біз нарықтың ерекшелігі мен қыр-сырын жақсы білеміз және күрделі ғылыми жабдықты жеткізу мен іске қосу бойынша тәжірибеміз мол. Біз өз ісімізге, барлығына да жауапкершілікпен қараймыз. Күрделі техникалық мәселелерді шешу бойынша тәжірибеміз көп, кәсібилігіміз артуда, өз ісіне жауапкершілікпен қарау және мінсіз бедел – біздің тиімді жұмыстарымыздың себебі мен табысты болашаққа деген стратегиямыз осы.


Жұмыс кезеңдері  

1-кезең. Жабдықты тұтынушы мәселесіне қарай таңдау. Коммерциялық ұсынысты әзірлеу

Scientific Technology. Біз қалай жұмыс істейміз. 1 кезең

«ҚазРеагент.кз» ЖШС құрамына ұсынылатын жабдықты білетін жақсы таныс білікті мамандар кіреді. Алғашқы кеңес беру кезеңінде біз Сізді қызықтыратын сұрақтарға нақты және түсінікті жауап береміз, жабдықты таңдап беруді сауатты түрде орындаймыз, қажетті жинақтауды ұсынамыз, жабдықты жеткізу, іске қосу және қазмет көрсетуді, сондай-ақ мүмкін болатын жағдайларды талқылаймыз.

Содан кейін біз қол жеткізген барлық келісімдерді ескеретін тапсырыс берушінің компаниясына ресми түрде жолданатын коммерциялық ұсыныстар әзірленеді.

     

2-кезең. КҚ (конкурстық құжаттамаларды) дайындауды бірлесіп жасау және тендерге қатысу. Келісімшарт жасау
КҚ дайындауға жәрдемдесу және тендерге қатысу. Шарт жасасу. 2 кезең

Біздің компанияның қызметкерлері білікті қолдау көрсетеді және тендер өткізуге, егер ондай жұмыс қажет болған жағдайда, конкурстық құжаттамаларды даярлауға көмектеседі. Біздің техникалық мамандарымыз конкурстық құжаттамалардың техникалық бөлігін алдын ала орнату талаптарын қоса сауатты түрде жасайды. Біздің тәжірибелі заңгерлеріміз тендер өткізумен байланысты мәселелерді ұйымдастыру бойынша кеңес береді.

Тәуелсіз әділ тендерде біздің компанияның жеңісі жағдайында жабдықты орнату және тапсырыс берушінің толық көңілінен шығатын ілеспе қызмет көрсетуге келісімшарт жасалады.

          

3-кезең. Жабдықты жеткізу және ілеспе қызметтерді көрсетуді жүзеге асыру
Scientific Technology. Біз қалай жұмыс істейміз. 3 кезең

Біздің компания келісімшартта көрсеткен мерзімде бекітілген тізімге сәйкес жабдықты жеткізу жүзеге асырылса, сондай-ақ жаңа жабдықты орнату, қосумен байланысты пайдалану жұмыстары бойынша барлық ілеспе қызметтер көрсетіледі. Жабдықтар сіздің көз алдыңызда бірінші кезеңде қойылған мәселелерді орындай бастайды. Біздің компанияның қызметкерлері тапсырыс беруші қызметкерін жаңа жабдықты пайдалану мен қызмет көрсету бойынша міндетті оқытуды жүргізеді.

Біздің қызмет көрсету инженерлері тапсырыс беруші қызметкерінің жаңа жабдықта жұмыс істеуге 100% дайындығына көз жеткізбейінше тапсырыс берушінің қасынан табылады.
           

4-кезең. Техникалық қолдау көрсету. Қызмет көрсету қызметі және қызмет көрсету

Scientific Technology. Біз қалай жұмыс істейміз. 4 кезең

Біз өзіміздің клиенттерімізді тұрақты түрде туындайтын мәселелермен бетпе-бет ешқашан қалдырмаймыз және жауап алу үшін өндірушіге жолдамаймыз, біз өз клиенттерімізді ұзақ күттірмейміз. Біздің техникалық мамандар туындаған жағдайға байланысты қажетті қолдау көрсету қызметін тез әрі мобильді түрде көрсетеді. Тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, мәселелердің біраз бөлігі, егер онымен тәжірибелі маман айналысатын болса, қашықтықтан шешіледі. Дәл осындай мамандар «ҚазРеагент.кз» компаниясында жұмыс істейді.

Біз қажет болған жағдайда өзіміздің клиенттерімізге барамыз, жабдықтың жұмысына байланысты кез келген проблемалық жағдайларды тез әрі жедел шешеміз. Біздің қызмет көрсету қызметіміз жыбдықтың кепілді және кепіл берілгеннен кейінгі қызмет көрсетуін көрсетеді.
           


Құрал-жабдықтар